Ресей мен Сирия басшылары телефон арқылы сөйлесті
(last modified Wed, 24 Feb 2016 15:14:57 GMT )
Ақп 24, 2016 21:14 Asia/Almaty
  • Ресей мен Сирия басшылары телефон арқылы сөйлесті

Ресей мен Сирия президенттері телефон арқылы сұхбатта осы елдегі дағдарыс туралы кеңесті.

Кремль сарайының ақпарат хатшысы Дмитрий Песков сәрсенбі күні Владимир Путин мен Башар Асад осы телефон арқылы сұхбатта Ресей мен АҚШ-тың Сирияда атысты тоқтатуды орнату жөніндегі жуықтағы мәлімдемесін осы елдегі қанды қақтығыстарды доғару үшін маңызды қадам деп атады. Ресей мен Сирия президенттері сондай- ақ Сирияда атыс тоқтату орнату үшін ынтымақтастық жасауға әзірлік танытты. Ресей мен АҚШ Сыртқы істер министрлері Джон Керри мен Сергей Лавров дүйсенбі күні Сириядағы жауласушы тараптар арасында атыс тоқтату орнату үшін келіскендерін хабарлады. 27- ші ақпанда басталуы тиіс осы келісім ИСИМ және «ән-Носрат майданы» тәрізді лаңкестік топтарды қамтымайды.