Боливия мен Эквадор Президенттері Руханимен кездесті
(last modified Sun, 18 Sep 2016 09:09:37 GMT )
Қыр 18, 2016 15:09 Asia/Almaty
  • Боливия мен Эквадор Президенттері Руханимен кездесті

ИИР Президенті Иранның Латын Америкасы елдерімен, әсіресе Боливиямен барлық салалар бойынша қарым-қатынасты кеңейтуді қолдайтынын мәлімдеді.

Иран Президенті Хасан Рухани сенбі күні Венесуэланың Маргарита аралында Қосылмау қозғалысына мүше елдер басшыларының саммиты аясында Боливия Президенті Эво Моралеспен кездесіп, ортақ мақсаттарға жету үшін тәуелсіз елдердің одақтасуы қажеттігін айтып: «Иран мен Боливия арасында жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға ешқандай шектеу жоқ. Бұл қарым-қатынасты нығайту екі елдің мүддесіне сай келеді»,-деді.  

Боливия Президенті елдегі экономикалық және құрылыс салу жобаларын ілгерілетуге ирандық компаниялардың көбірек қатысуын қалайтынын айтты.

Эво Моралес,сондай-ақ, Руханиді 2018 жылы қаңтар айында Боливияда өтетін Газ экспорттаушы елдер басшыларының саммитына қатысуға шақырды.

Иран Президенті, сондай-ақ, Эквадор Президенті Рафаэль Корреамен кездесуінде санкциялардың жлйылуын Иран мен Эквадордың қарым-қатынасын кеңейту үшін қолайлы мұрсат деп атап: «Теһран Эквадормен өзінің ғылыми-техникалық және энергетикалық салалардағы тәжірибелері және  қабілеттерімен бөлісуге дайын»,-деп мәлімдеді.

Эквадор Президенті де өз үкіметі мен халқының әрдайым Иран үкіметі мен халқының қасынан табылатынын айтып, Эквадордың Иранмен барлық салалар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуді көздейтінін қуаттады.