Қосылмау қозғалысына мүше елдер басшыларының саммиты Руханидің баяндамасымен басталды
Венесуэланың Маргарита аралында Қосылмау қозғалысына мүше елдер басшыларының он жетінші саммиты ИИР Президентінің баяндамасымен басталды.
ИИР Президенті Хасан Рухани Қосылмау қозғалысына мүше елдер басшыларының он жетінші саммитында Иранның Қосылмау қозғалысына төрағалық еткен 4 жылдағы белсенділіктері мен жетістіктері туралы баяндама жасап, Теһранның Қосылмау қозғалысына мүше елдердің үйлесімдігі мен ынтымақтастығын нығайту қажеттігі жөнінде, сонымен қатар маңызды аймақтық және халықаралық мәселелер туралы ұстанымдары мен көзқарастарын білдірді.
Хасан Рухани бүгінде бейбітшіліктің әлем бойынша сын-қатерге ұшырап отырғанын айтып: «Қосылмау қозғалысына мүше елдер қазір басқа кезден көбірек тілеулестік, интеграция мен үйлесімдікті қажет етеді»,-деді.
Ол Теһранның аймақта қайшылықтарды шешуге бағытталған диалог пен келіссөздерге негізделген кез-келген бастаманы қолдайтынын айтып: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – дағдарыстар мен түйткілдерді бейбіт жолмен шешу үшін сындарлы әріптестік жасауды көздейтін жаңа стратегиялық тәсіл»,-деді.
ИИР Президенті, сондай-ақ, Палестина мен сионистік режимнің басқыншылығы тақырыбына тоқталып: «Әлемнің әртүрлі елдерінің мәселелері Палестина мен оның жапа шеккен халқының мәселесін біздің есімізден шығармауы керек»,-деді.