Шавкат Мирзияевтің сайлау бәсекелестері таныстырылды
(last modified Sun, 18 Sep 2016 13:52:58 GMT )
Қыр 18, 2016 19:52 Asia/Almaty
  • Шавкат Мирзияевтің сайлау бәсекелестері таныстырылды

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың өткен жолғы президенттік сайлаудағы екі бәсекелесі тағы да жақында өтетін елдің президенттік сайлауына қатысатын болды.

«Социал-демократ», «Халықтық демократия», «Ұлттық жаңғыру» партиялары өздерінің жетекшілері – Нариман Омаровты, Хатамжон Кетмоновты, Сарвар Отамурадовты биылғы жылдың желтоқсан айында өтетін президент сайлауына үміткер етіп ұсынды. Нариман Омаров пен Хатамжон Кетмонов Өзбекстанның марқұм президенті Ислам Каримовтың өткен сайлаудағы бақталастары болған. Бүгінде олар осы елдің уақытша президенті Шавкат Мирзияевтің шынайы бәсекелестері саналады.