Оңтүстік Корея Исфаханмен қоршаған орта саласында ынтымақтастық жасайды
https://itolqyn.com/news/world-i14776-Оңтүстік_Корея_Исфаханмен_қоршаған_орта_саласында_ынтымақтастық_жасайды
Иранның орталық бөлігіндегі Исфахан облысының әкімшілігі Оңтүстік Корея компанияларының осы облыстың қоршаған ортасын жақсартуға атсалысуын қолдайды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 18, 2016 20:13 Asia/Almaty
  • Оңтүстік Корея Исфаханмен қоршаған орта саласында ынтымақтастық жасайды

Иранның орталық бөлігіндегі Исфахан облысының әкімшілігі Оңтүстік Корея компанияларының осы облыстың қоршаған ортасын жақсартуға атсалысуын қолдайды.

Исфахан облысының әкімі Расул Заргарпур Исфаханда Оңтүстік Корея Парламентінің Еңбек және қоршаған орта комиссиясының басшысы Юнг Пью Хунгпен кездесуінде: «Исфахан қаласы ауасының ластану жағдайы туралы жоба жасалып, орындалды. Бұл қала осы жоба орындалған 3 жылдың ішінде ластауыштарды азайту саласында жақсы нәтижелерге жетті. Оңтүстік Корея қоршаған ортаға қатысты ғылым мен технология саласында Еуропа деңгейіндегі жақсы стандарттарға қол жеткізді. Исфаханның қоршаған орта мәселелерін шешу үшін осы облыстың жауапты тұлғаларымен өз тәжірибелерімен алмасуға дайын»,-деді.