Нардаран оқиғасындағы исламшыл тұтқындарды азаптау жалғасуда
https://itolqyn.com/news/world-i14779-Нардаран_оқиғасындағы_исламшыл_тұтқындарды_азаптау_жалғасуда
Әзірбайжан республикасының ақпарат құралдары  исламшыл тұтқындардың бірінің осы елдің ІІМ-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына апарылғанын хабарлады. 
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 18, 2016 20:32 Asia/Almaty
  • Нардаран оқиғасындағы исламшыл тұтқындарды азаптау жалғасуда

Әзірбайжан республикасының ақпарат құралдары  исламшыл тұтқындардың бірінің осы елдің ІІМ-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына апарылғанын хабарлады. 

«Ислам азари» сайтының мәліметі бойынша, Әзірбайжан республикасының Мұсылмандар одағы қозғалысы тұтқындарының бірі сенбі күні осы елдің ІІМ-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына апарылған. Бұл хабарды тұтқын Аббас Хосейннің отбасы Әзірбайжанның ақпарат құралдарына хабарлаған.
Әзірбайжан республикасының ІІМ Аббас Хосейннің аталмыш мекемеге тасымалдануы туралы ешқандай мәлімет жариялаған жоқ. Әзірбайжан қауіпсіздік күштерінің өткен жылдың қараша айының 26 күні Нардаран мешітіндегі аза тұтушыларға жасаған шабуылында осы елдің Мұсылмандар одағы қозғалысының басшысы Тале Бағерзаде мен ондаған исламшыл құрықталған болатын.