Иран мен Арменияның халықаралық сахнадағы ұстанымдары бағыттас
Иран Сыртқы істер министрінің Азия және Океания істері жөніндегі орынбасары ИИР мен Арменияның халықаралық сахна мен аймақтық дағдарыстарға қатысты ұстанымдарын бағыттас деп атады.
Ибрахим Рахимпур Теһранда Армения Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Шаварш Кочарянмен кездесуінде: «Арменияның Иранмен халықаралық қауымдастықтағы ұстанымдарының бағыттастығы аймақтық мәселелер мен дағдарыстарды шешуде әсерлі рөл атқарады»,-деді.
Шаварш Кочарян да осы кездесуде Иранның аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнатудағы теңдессіз рөліне тоқталып, Ереванның Теһранмен әсіресе энергетика, туризм, транзит пен тасымал салаларында экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін қуаттады.