Дума сайлауында биліктегі партия жеңіске жетті
(last modified Mon, 19 Sep 2016 15:19:53 GMT )
Қыр 19, 2016 21:19 Asia/Almaty
  • Дума сайлауында биліктегі партия жеңіске жетті

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы Дума сайлауында биліктегі партияның жеңіске жеткенін хабарлады.

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы: «Дума сайлауында берілген дауыстардың жартысын санау нәтижесінде биліктегі «Единая Россия» партиясы 53 пайыз жинады»,-деп хабарлады. Ресейдің Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, Либерал-демократиялық партия 15 пайыз дауыспен, Коммунистік партия 14 пайыз дауыспен сайлауда екінші және үшінші орынға тұрақтады.

«Справедливая Россия» партиясы 6 пайыз дауыс жинады. Басқа партиялар белгілі меже 5 пайыздан кем дауыс жинаса, Думаның 8-ші шақырылымына қатыспайды.

Осылайша биліктегі «Единая Россия» партиясы Думада басым дауысқа ие болады. Егер осы нәтижені дауыс санағының соңына дейін сақтап қала алса, заң жобаларын басқа партиялармен бірікпестен бекіте алатын болады.

Ресей Президенті Владимир Путин де «Единая Россия» партиясының сайлау штабында болып, бұл партияны  елдің саяси өмірінде тұрақтылық орнатушы мықты фактор деп атады.

Жексенбі күні Ресей Думасына сайлау Ресей Федерациясы бойынша  94500 сайлау учаскесінде және әлемнің 145 еліндегі 364 сайлау учаскесінде сайлауға қатысу шарттарына сәйкес келетін 111 млн 820 мың адамның дауысын алу үшін өткізілді.