Рухани: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын толығымен орындау қажет
(last modified Thu, 22 Sep 2016 15:04:54 GMT )
Қыр 22, 2016 21:04 Asia/Almaty
  • Рухани: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын толығымен орындау  қажет

ИИР Президенті Хасан Рухани БҰҰ Бас ассамблеясының жылдық отырысында сөз сөйлеу үшін Нью-Йоркке барған алғашқы сағаттарда мұрсатты пайдаланып, кейбір еуропалық елдердің басшыларымен кездесіп, кеңесті.

Иран Президенті жергілікті уақыт бойынша сейсенбі күні түстен кейін Нью-Йоркке келіп, шағын дипломатиялық кездесулерді жұмысының күн тәртібіне қойды. ИИР Президентінің Нью-Йоркте Франция, Ұлыбритания мен Италия басшыларымен кеңесулерінің тақырыбы еуропалықтар тарапынан  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын толық әрі нақты орындау болды.

Рухани сәрсенбі күні кешке Нью-Йоркте Франция Президенті Франсуа Олландпен кездесуінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жетістіктерінің әлсіреуіне жол бермеу керектігін қуаттады. Рухани міндеттемелерді орындаудың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының берік сақталуына септігін тигізетінін айтып: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен соған қатысты келісімдерді орындау жолында бір елдің өз талаптарына жету үшін шектеулер тудыруын қабылдауға болмайды»,-деді.  

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол жеткізілгеннен кейін  Иран мен Еуропа елдері арасындағы қарым-қатынаста жаңа тарау басталды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін  Еуропа елдерінің Иранмен  әртүрлі салаларда, әсіресе экономикалық салада қарым-қатынасты кеңейтуге талпыныстары айтарлықтай артып отыр. Өткен қаңтар айынан бері «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалуымен әртүрлі еуропалық елдердің жауапты тұлғалары, қайраткерлері мен компаниялары Иранға сапармен келуге құлшыныс танытып отыр.  Иранның оңтайлы экономикалық кеңістігін пайдалану «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының міндеттемелерінің бір бөлігі болып табылады. Банк, қаржы және әртүрлі сақтандыру салалары бойынша және Иранмен қаржы саласында сындарлы әріптестік жасау үшін еуропалық компанияларға кепілдік пен сенім беру Еуропа елдерінің басшылары атқаруы тиіс міндет болып табылады.  

Еуропаның ірі банктері мен компанияларының Иранмен әріптестік жасауды кешеуілдетуі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзумен тең. Бұл Еуропа елдері басшыларының осы бағдарлама бойынша Иран тарапынан пайдаланылатын экономикалық мүмкіндіктерді тудыруға байсалды қарамай отырғанын көрсетеді. Рухани Франция, Ұлыбритания мен Италия басшыларымен кездесуінде айтқандай, банк пен сақтандыру саласындағы кейбір техникалық қиындықтар шешілмейінше, қарсы тараптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты міндеттемелері орындалмады деп есептелінеді. Еуропалық елдер өздерінің ірі банктерін Иранмен әріптестік жасауға сендіруі тиіс.  

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бойынша, ирандық тарап пен «алтылық» елдері белгілі бір шараларды атқаруға міндеттеме алды. Иран ізгі ниетпен өз міндеттемелерін орындады. Алайда Еуропа өз міндеттемелерін толығымен атқармады. Осы бағдарламаға қатысушы тараптардың іс-әрекеті басқа іс-қимылдан туындап отыр. Хасан Рухани осы маңызды мәселеге тоқталып, Нью-Йоркте Ұлыбритания Премьер-министріне: «Иран өз міндеттемелерін толық орындады. Қарсы тарап өз міндеттемелеріне берік болған кезге дейін Иран да беріктігін сақтайды»,-деді.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – Иран мен Батыс елдерінің жаңа ынтымақтастығының негізі. Иран әлеммен ізгі ниетпен көбірек әріптестік орнатып, өз міндеттемелерін орындады  және осы аяда өзінің экономикалық қарым-қатынасын еуропалықтарға сипаттап берді.  Хасан Руханидің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейінгі Еуропаға алғашқы сапары Италия мен Франциядан басталды. Онда италиялық және франциялық компаниялармен әртүрлі келісімдерге қол қойылды. Мұның барлығы Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы кеңістігін тиімді пайдалануға талпыныс жасап жатқанын көрсетеді. Еуропа елдері өз кезегінде Иран үшін осы кеңістікті тудыруға міндеттеме алған болатын.