«NBC» арнасы Иран президентінен арнайы сұхбат алды
Қыр 22, 2016 22:32 Asia/Almaty
Иран президенті Хасан Рухани Нью- Йоркте америкалық «NBC» арнасына сұхбат берді.
Рухани осы сұхбатта Америкадағы президенттік сайлау үміткерлерінің «Ортақ қадам» келісімі туралы пікірі жөнінде: ««Ортақ қадам» келісімі халықаралық келісім болып табылады. Америкада билік басына келген әр үкімет оны құрметтеуі тиіс» деді. Иран президенті Иранның АҚШ- тың келесі үкіметімен байланысы туралы: «Егер Американың келесі үкіметі Иранмен өшпенділікті жалғастыруды ұйғарса, қолайлы жауап алатын болады, бірақ егер сол өшпенділікті доғаруды қаласа және бұрын көптеген жағдайда аяққа таптаған Иран халқының құқығын құрметтесе, тағы да осы қатынасына ыңғайлас жауап алатын болады» деді.
Тегтер