Рухани БҰҰ Бас Ассамблеясында баяндама жасады
(last modified Fri, 23 Sep 2016 12:26:11 GMT )
Қыр 23, 2016 18:26 Asia/Almaty
  • Рухани БҰҰ Бас Ассамблеясында баяндама жасады

ИИР президенті Ислам республикасының принципті ұстанымын ұжымдық қауіпсіздікке және аймақ елдерінің дамуын қолдауға негізделген тұрақты тәртіпті жүзеге асыру үшін көршілермен сындарлы серіктестік жасау деп атады.

ИИР президенті Хасан Рухани  Нью- Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 71- ші отырысында сөйлеген сөзінде: «Иран аймақ түйткілдерін шешу үшін мемлекеттердің жер тұтастығын сақтауды, шекараларды өзгертпеуді, ұлттардың өз тағдырына деген егемендік құқығын және күш қолданудан аулақ болуды қажеттілік санап,  қарама- қайшылықтарды шешу үшін дипломатиялық мүмкіндіктерді пайдалануды қуаттайды.

Аймақта қатыгездіктің тамырын демократиясыз, азаматтардың құқығын жоғарылатпай және экономиканы дамытпай жою мүмкін емес. Шынайы демократиясыз және ауқымды серіктестіксіз түрлі қылмыстық және лаңкестік топтармен күресуге бомайды» деді.

Рухани алпауыт елдердің өз азаматтарының бейберекеттікке қатысты алаңдаушылығын шешу желеуімен түрлі басып-жаншу және әскери араласушы тәсілдерді қолданатындығына сілтеме жасап: «Олар өзге аймақтарда бейберекеттік тудыру арқылы әлемнің бір аймағында қауіпсіздік орнатудың мүмкін еместігімен қатар, тіпті бейберекеттікті көбірек өрістететінін білуі тиіс» деді.

Иран президенті аймақтағы кейбір елдердің, атап айтқанда Сауд Арабиясының көршілерді бомбалауды және тәкфирлік лаңкестік топтарға қолдау көрсетуді тоқтатуы қажеттігін қуаттап: «Осы елдер аймақтың дамуы мен қауіпсіздігін қаласа, өз байланыстарын өзара құрмет және аймақтағы ұлттарға қатысты жауапкершілікті қабылдау бойынша реттеуі керек» деді.