Рухани: Шекарасыз лаңкестік - Батыстың стратегиясының салдары
ИИР президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 71- ші отырысында жасаған баяндамасында аймақтық және халықаралық айдындағы Иранның принципті саясатын түсіндіріп, Таяу Шығыс пен Африканың солтүстігіндегі террор мен күн санап өсудегі қатыгездіктің қырларын баяндады.
Рухани бейсенбі күні Бас Ассамблеяның отырысына қатысушы басшылар алдында Таяу Шығыстағы қатыгездіктің тамырын баяндап, дәл осы Нью- Йорк қаласында орын алып, баршаны дүрліктірген ауыртпалы лаңкестік апаттан 15 жылдан астам уақыттың өтіп бара жатқанын айтты.
Рухани сол күні осы оқиғаның Таяу Шығыста үлкенірек апаттар мен күйретуші соғысқа негіз болатынын және бейберекеттіктің әлемге таралуына ұластыратындығын ешкім ойламаған болар деді. Иран президенті Бас Ассамблеядағы басшыларға қаратып: «Нью- Йоркте террор және қатыгездікпен басталған ғасыр өшпенді бәсекелестік және Таяу Шығысқа от салумен жалғаспауы керек» деді. Иран президенті 2001 жылдың 11-ші қыркүйек күні Нью- Йорктің қақ ортасында жасалған лаңкестік шабуылдарға тоқталды. Сол шабуылдардың барысында Американың экономикалық және әскери маңызды орталықтары «әл- Каида» лаңкестік тобы тарапынан нысанаға алынды. Осы оқиға Американың саясатын өзгертіп, АҚШ- тың Ауғанстан мен Иракқа әскери жорыққа шығуына сылтау болды. Америкалық саясаткерлер мен әскерилер лаңкестерге бірінші болып шабуыл жасауды АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне кепілдіктің жолы деп санады. Ақ Үйдің одақтастары да лаңкестік шабуылдардың нысанасы болмауы үшін Американың бағытында қадам жасады. 11- ші қыркүйек Батыс Азия аймағында жаңа соғыс отының лаулауына негіз болды. Осы өрттің жалындары барлық нәрсені жалмап алып, шекара танымайтын жағдайға жетті. Америка мен оның одақтастары лаңкестіктің алдын алатын шайқас ретінде Ауғанстан мен Иракта бастаған соғыс осы сұм құбылыстың тамырын жоюдың орнына лаңкестіктің тұқымын әлемнің әртүрлі аймағына септі.
Қазір 11- ші қыркүйектегі лаңкестік оқиғадан 15 жылдан кейін әлем әлдеқайда көбірек қауіпсіздіктен айырылып, жер шарының түкпір-түкпірі Батыс Азиядан Африканың солтүстігіне дейін лаңкестіктің айдынына айналып, бүкіл әлемді үрей мен қорқыныш жайлап отыр.
11- ші қыркүйектегі лаңкестік шабуылдарды «әл- Каидаға»» мүше 19 лаңкес жобалады. Алайда Батыстың, әсіресе Американың лаңкестікпен соғыстағы саясатының салдарынан мыңдаған жалдамалы қылмыскер ДАИШ, «ән- Носрат майданы», «Боко харам» және тағы басқа топтардың құрамында әлемнің түрлі аймағында белсенділік танытып жүр.
Осындай жағдайда 11-ші қыркүйектегі оқиғадан кейін лаңкестіктің әлемге таралуының себептерін Батыс саясатынан іздестіруге болады. Хасан Рухани да лаңкестік құбылысы шекарасының қатыгез және әсірешіл болатындығын қуаттап, оны ірі алпауыт елдердің соңғы 15 жылдағы қауіпсіздік стратегиясының салдары деп атады. Әлемнің 11- ші қыркүйектегі оқиғадан 15 жылдан кейінгі ахуалы лаңкестікпен күресу туралы уәж айтатын елдер үшін айқын тәжірибе болып табылады. Өзге аймақтарда бейберекеттік тудыру арқылы әлемнің келесі бір аймағында қауіпсіздік орнатудың мүмкін болмайтындығымен қатар, керісінше бейберекеттікті көбірек өрістетеді.