Руханидің Венесуэла, Куба мен АҚШ сапарларының жетістіктерін баяндады
https://itolqyn.com/news/world-i15001
ИИР Президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалуын бақылайтын ортақ комиссияда Иранның ұстанымдарының расталып, АҚШ әрекеттерінің осы бағдарламаға қайшы деп танылғанын мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 24, 2016 15:10 Asia/Almaty
  • Руханидің Венесуэла, Куба мен АҚШ сапарларының жетістіктерін баяндады

ИИР Президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалуын бақылайтын ортақ комиссияда Иранның ұстанымдарының расталып, АҚШ әрекеттерінің осы бағдарламаға қайшы деп танылғанын мәлімдеді.

ИИР Президенті Хасан Рухани  жұма күні Венесуэла мен Куба сапарынан кейін және Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясына қатысқан соң өзінің бір апталық сапарының жетістіктеріне жасаған сараптамада: «АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты өз ұстанымдарын өзгертуге міндеттеме алды»,-деді.

Мехрабад әуежайында тілшілерге сұхбат берген Рухани АҚШ-тың Жоғары сотының үкімі мен ИИР Орталық банкіне тиесілі 2 млрд доллардың бұғатталуына қатысты пікір білдіріп: «Иран үкіметі америкалықтарға өз халқының мал-мүлкін талан-таражға салуға жол бермейді. Иран осы мәселені халықаралық сот арқылы қадағалайтын болады»,-деді.

Рухани, сондай-ақ, Венесуэлада Қосылмау қозғалысына мүше елдер басшыларының 17-ші саммитына қатысқанына тоқталып: «Венесуэла саммиты мен осы қозғалыстың төрағалығын тапсыру рәсімінде ИИР жүйесінің принципті ұстанымдары 120 мүше елге жарияланды»,-деді.

Рухани Кубаға сапары және осы ел революциясының жетекшісі мен ел басшысымен кездесуі жайында: «Куба жетекшісі Фидель Кастро мен ел басшысы Рауль Кастро АҚШ-пен текетірес жуық арада жойылмайды және бұл елмен экономика саласындағы қиындықтары бұрынғыдай жалғаса түседі деп санайды»,-деді.