Ресей АҚШ-ты үстемдікке ұмтылатындығы үшін сынады
(last modified Sun, 25 Sep 2016 10:36:44 GMT )
Қыр 25, 2016 16:36 Asia/Almaty
  • Ресей АҚШ-ты үстемдікке ұмтылатындығы үшін сынады

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының 71-ші сессиясында: «Халықаралық қатынастар жүйесінде монополия негізінде әрекет ету және ерекше құқыққа ие болу деген сезімге орын жоқ»,-деп қуаттады.

Сергей Лавров АҚШ-қа тікелей сілтеме жасамастан, бір елдің өз үстемдігін басқаларға таңғысы келетінін айтып: «Басқа елді бағалау үшін критерий белгілеу лайықты іс саналмайды. Егер әділетті жүйе қалыптастырғымыз келсе, әлем халықтарына  өздерінің даму жолдарын өздері белгілеу құқығын беру қажет. Ресей Сыртқы істер министрі: «Арнайы құқыққа көзжұмбайлық танытпастан, кез-келген істі атқаруға рұқсат санап, әлемнің маңызды мәселелерімен, соның ішінде лаңкестік және жаппай қырып-жою қаруларының таралуымен күрес мәселесін шешуде ілгерілеушіліктің болатындығына үміт арту – аңғалдық»,-деп баса айтты.