Иранның Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Венаға келді
(last modified Sun, 25 Sep 2016 15:31:58 GMT )
Қыр 25, 2016 21:31 Asia/Almaty
  • Иранның Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Венаға келді

Иранның Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехи Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің 60- шы конференциясына қатысу үшін Австрияның астанасы Венаға келді.

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің 60- шы конференциясы ертең дүйсенбі күні Венада 168 ел өкілдерінің қатысуымен басталады. Вена конференциясында ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану, бюджет белгілеу, Басқарма кеңесінің мүшелерін сайлау, АҚХА Бас директорының есептері және Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің нұсқауларын орындауға қатысты түрлі мәселелер талқыға салынып, сұхбаттасу күн тәртібіне қойылған. 

 

Тегтер