Зариф: Кейбір елдер өздерінің заңдылығын Америкамен байланыстырады
Иран Сыртқы істер министрі аймақтағы кейбір елдердің өздерінің заңдылығы мен тіршілігін Американың қолдауына байланысты деп санайтынын айтты.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Нью- Йоркте Америкада тұратын бір топ ирандықпен кездесуінде сөйлеген сөзінде: «Аймақтағы саудиялықтар сынды кейбір елдердің әрекеттері мынадай: олар Американың қолдауынан айрылмау үшін ештеңеден тайынбай, әрдайым Американың ығына жығылады. Саудиялықтар өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өз халқына емес, шетелдіктерге мұқтаж. Иран осы жағынан олардан өзгеше болып табылады» деді.
Зариф Иран ислам республикасындағы қауіпсіздікті қуаттап: «Әлем Таяу Шығыс аймағы мен әлемге әсерін тигізетін бүліктер мен әсірешілдіктерге алаңдап отырған жағдайда Иранда толық қауіпсіздік орнатылған. Иран халқы барлық қысымдар мен қоқан-лоққыларға қарамастан ешқашан бас имеген. Себебі Иран халқы қауіпсіз ғұмыр кешуде және Иранның қауіпсіздігі елдің ішінен қамтамасыз етілген. Өзіне деген сеніммен және жақсы болашаққа үміт арту арқылы талпыныс жасау керек. Өзге елдерде тұратын ирандықтардың әртүрлі наным- сенімі болуы мүмкін, бірақ олар Иранның абыройы үшін талпыныс жасауы керек» деді.