Иран Президенті жақын арада Ереванға сапар шегеді
Теһрандағы Армения елшісі ИИР Президентінің жақын арада Ереванға сапар шегетіні туралы хабарлады.
Теһрандағы Арменияның елшісі Арташес Туманян ақпарат отырысында Теһран мен Ереванның әртүрлі саллардағы қарым-қатынастарына тоқталып, Иран мен Армения арасындағы ежелден келе жатқан тарихи қарым-қатынастардың әрқашан достық сипатта болып, екі елдің бір-біріне көмектесуіне тоқталып: «Екі елдің бүгінгі қарым-қатынастары тарихи қарым-қатынастарынан бастау алған»,- деді. Армения елшісі қазан айының 5-8 аралығында Иранда Теһрандағы халықаралық көрмелер мекенінде өтетін Арменияның бірінші көрмесіне бұл елдің азық-түлік, көлік пен коммуникация, туризм, зергерлік бұйымдар, дәрі-дәрмек, көлік шығару және тоқыма өндірісіне қатысты 90 компаниясының қатысатынын айтты.