Рухани: Иран ешқашан әлемдік қауымдастықтан оқшау қалған емес
https://itolqyn.com/news/world-i151
ИИР Президенті: «Иран ешқашан әлемдік қауымдастықтан оқшау қалған емес»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 31, 2016 15:28 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран ешқашан әлемдік қауымдастықтан оқшау қалған емес

ИИР Президенті: «Иран ешқашан әлемдік қауымдастықтан оқшау қалған емес»,-деді.

Иран Президенті Хасан Рухани «France-24» телеарнасына берген арнайы сұхбатында 2013 жылы БҰҰ Бас ассамблеясында «Қатігездік пен әсірешілдіктен ада әлем» деген идеяны ұсынғанын айтып: «ИИР ядролық келісімге дейін де, кейін де халықаралық сахнада оқшау қалған жоқ.

Дәл сол 2013 жылы Еуропа елдерінің басшылары Иранға қарсы санкцияларға қарсы еді. Олар сол кезде-ақ бұл жолдың бұрыс екенін қуаттады»,-деді.

Иран Президенті, сондай-ақ, Сирияның жағдайына қатысты айтқан сөзінде бұл елге шетелдердің араласуына қарсылық білдіріп: «Бұл елдің дағдарысын шешудің жолы – саяси диалог пен келіссөздер»,-деді.

Хасан Рухани, сонымен қатар, Иранда Сауд Арабиясының елшілігіне жасалған шабуылды айыптап: «Бұл әрекетті жасаушылар құрықталды. Иранның сот органы ол адамдарды соттайды»,-деді.

ИИР Президенті Сауд Арабиясының осы оқиғаға қатысты реакциясын тиімсіз деп атап: «Иран аймақта шиеленістің күшеюін қаламайды. Сауд Арабиясының халқы – Иранның көршісі әрі діндес бауырлары»,-деп баса айтты.