Әзірбайжан мен Арменияның қару-жарақ бәсекелестігі күшейді
Әскери қару-жарақ сатып алулар мен Әзірбайжан мен Арменияның қару-жарақ бәсекелестігінің артуымен екі мемлекет қатерлі кезеңге аяқ басты.
Осы салада «Виртуал. аз» ғаламтор базасы Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің Арменияның «Искандер-М» зымырандық жүйесіне қарсы тұратын шара қолдану туралы бұйрық шығарғанын хабарлады.
Аталмыш ғаламтор базасы өзінің мәлімдемесінде: «21-ші қыркүйекте Ереванда Армения қарулы күштері парадында тактикалық «Искандер-М» зымырандары көрсетілгеннен кейін Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің кеңесі отырыс өткізді. Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі жариялаған қысқа хабарда: «Әзірбайжан Президенті әрі бұл елдің Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Ильхам Әлиев Қорғаныс министрлігінің кеңесу отырысына қатысушыларына аймақта қалыптасқан әскери-саяси жағдайды сараптауды бұйырды»,- деп айтылды. Ильхам Әлиевтің дипломатиялық тілмен «аймақта қалыптасқан әскери-саяси жағдайды сараптау» деген сөздерінің Ресейдің Арменияға «Искандер-М» зымырандарын тапсыруы немесе осыдан үш жыл бұрын Арменияда орнатылып, осы кезде Арменияның әскери арсеналының бір бөлімі ретінде көрсетілген зымырандарға қатысты екендігіне күмән тумайды. Ильхам Әлиевтің бұл жағдайдың әскери-саяси екенін қуаттауы Ресей зымырандарының Арменияға тапсырылуынан шығып отыр. Негізінде бұл әскери тақырып емес, аймақта жаңа саяси жағдайдың орнатылуының белгісі. Ресейдің Арменияда әскери базасы бар, бірақ онымен тұспа-тұс Әзірбайжанға қару сатуда.
Мамандардың айтуынша, Баку мен Еревандағы басшылар Қарабақ аймағындағы территориялық қайшылықтарды сылтауратып, бұрын-соңды болмаған қару-жарақ бәскелестігіне аяқ басқан. Бұл бәскелестік өртінің сөнбейтіні анық. Салдарынан аймақ халықтарын шырмап, екі елдің жағдайын одан сайын қиындатады. Осыған орай мамандар Әзірбайжан мен Арменияның қару-жарақ бәсекелестігінің жалғасуын аймақ халықтары үшін қатерлі деп санайды. Шын мәнінде ағымдағы жағдайдың жалғасуы көршілес екі ел арасындағы соғыстың басталуына соқтыруы мүмкін.
Айта кететін жайт, өткен сәрсенбі күні Арменияның Тәуелсіздік күнінің жылдығына тұспа-тұс бұл елдің әскері әскери парадта өзінің жаңа баллистикалық зымырандарын көрсетті. Ресейдің «Искандер-М» зымырандары 300 шақырым қашықтықтағы нысанды ата алады. Жаңа зымырандар Таулы Қарабақ аймағына қатысты Әзірбайжан мен Армения арасындағы қайшылықтардың артуымен тұспа-тұс көрсетілді. Арменияның мұндай әрекетіне жауап ретінде Әзірбайжан Президенті елінің әскерилеріне бұл мәселеге қатысты орынды қадамдармен алға ілгеруді бұйырды.
Осыдан бұрын аймақтың тәуелсіз саяси топтары қолайсыз әрі қатерлі жағдайды болжаған болатын. 1994-ші жылдың 12-ші мамырында Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск тобының арағайындығымен Әзірбайжан мен Арменияның арасында атыс тоқтату туралы бірінші келісімге қол қойылғаннан бері ол бірнеше рет бұзылған болатын. Екі елдің арасындағы қақтығыстар 20 жылдан артық уақыт бойы жалғасуда. Осыдан екі жыл бұрын Әзірбайжан Президенті мұндай жағдайдың жалғасуына шыдамйтынын және территориялық қайшылықты шешетін шара қолдану қажеттілігін қуаттаған болатын. Бірақ, өкінішке орай, әзірбайжандық-армениялық мәселе шешілмей, биылғы жылдың сәуір айында екі елдің қайшылықтары кеңейді. 48 сағаттық қақтығыста азірбайжандық әскерилер басып алынған ауылдың бірін армениялық күштердің қолынан босатты. Бұл ауылды қайтып алу армениялық тарапқа соғыс жалғасатын болса, әзірбайжандықтар Арменияның қолына түскен жерлердің көбін босата алады деген жолдауды жеткізді.