БҰҰ бас хатшысының Сирия туралы сөздері ұят
Сирия Сыртқы істер министрі БҰҰ бас хатшысының Сирия туралы біржақты мәлімдемелерін ұят деп атады.
Сирия Сыртқы істер министрі Валид әл- Муаллем Ливанның «Almayadeen» телеарнасына берген сұхбатында осы ұйымның бас хатшысы Пан Ги Мунның Бас Ассамблеядағы Сирия туралы мәлімдемесін сынап, оны халықаралық ұйымның жарғысынан ауытқыды деп айыптады.
Сирия Сыртқы істер министрі Валид әл- Муаллем сондай- ақ БҰҰ бас хатшысының Сирия ісі бойынша арнайы өкілі Стэффан Де Мистураның Сирия өзгерістері туралы біржақты мәлімдемелеріне сілтеме жасап: "Оның "сириялық- сириялық" сұхбаттасулар үшін кез- келген шарты қабылдауға келмейді. Де Мистура келіссөз тараптарының бірі емес, БҰҰ тарапынан араағайындық танытушы болып табылады. Сондықтан ол өзінің міндетіне берік болуы керек" деді.