Лариджани: АҚШ - лаңкестік ағымының демеушісі
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы: "Америка Сирия армиясының тұрғыларын бомбалау арқылы лаңкестік ағымына жақтас екенін көрсетті" деді.
Әли Лариджани Сирия мәжілісінің төрайымы Хадие Халаф Аббас ханыммен кездесуден кейін Теһранда өткен бірлескен ақпарат отырысында кейбір елдердің лаңкестікпен күрес негізіндегі екіұшты әрекеттерін сынап: «Иран Сирия мәселелерінің басынан осы қиыншылықтарды әскери емес саяси жолмен шешу керек деп санады. Кейбір елдер халықаралық және аймақтық сахнада Сирияда дағдарыс отын лаулатты. Осы тақырыптың белгілері түрлі кезеңдерде көрініс тапты» деді.
Хадие Халаф Аббас ханым да Иран үкіметі мен халқының көрсетіп отырған қолдауларына алғыс айтып: «Егер Иран ислам республикасының қолдаулары болмағанда Сирияның ел, ұлт және армия ретінде қарсыласуға шамасы келмес еді. Лаңкестік соғысы осыдан 5 жыл бұрын 80 мемлекет тарапынан Сирияға таңылды. Осы соғыста Сирия өркениеті мен мәдени байлықтары жойылып, осы елдің барлық көз тартар көркем мекендерін лаңкестер қиратты» деді.