Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары кеңесті
Қыр 27, 2016 14:56 Asia/Almaty
Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Сириядағы өзгерістер жайында кеңесті.
ИИР Сыртқы істер министрінің Араб және Африка істері жөніндегі орынбасары Садеқ Хосейн Джабер Ансари Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары әрі Таяу Шығыс істері жөніндегі арнайы өкілі Михаил Богдановпен телефон арқылы сұхбатында Сириядағы соңғы өзгерістер, әсіресе елдің солтүстігіндегі Алеппоның жағдайы және лаңкестермен күрес жайында пікір алмасты.
Осы мәлімет бойынша, тараптар осы телефон арқылы сұхбатта Сирияда дағдарысындағы гуманитарлық мәселелерге көңіл аудару және қақтығыстар жүріп жатқан аудандарға, әсіресе Алеппоға тез арада көмек жеткізуді жеңілдету қажеттігін қуаттады.
Тегтер