Қыр 27, 2016 21:04 Asia/Almaty
  • Арақчи ядролық қаруларға ие елдерді сынады

Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер бойынша орынбасары Аббас Арақчи ядролық қаруларды жою келісімшартының жылдығында: "Ядролық қаруларға ие елдердің осы қаруларды жою әрекетінде еш ілгерілеушілік байқалмайды" деді.

Нью-Йоркте ядролық қаруларды жою келісімшартының жылдығы рәсімінде сөз сөйлеген Арақчи: «Өкінішке орай, ядролық қаруларға қол жеткізуге деген сұраныс соңғы 71 жылда азайған жоқ, керісінше соңғы жылдары күрт ұлғайды» деді. Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары БҰҰ Бас Ассамблеясының осы жоғары деңгейлі отырысты жыл сайын 26- шы қыркүйекте өткізу жөніндегі шешімін ескеріп, осы отырысты өткізудің мақсатын ядролық қаруларды толығымен жою және ядролық қаруларды қолдануға заңды түрде тыйым салу деп атап: «Баршамыз осындай қаруларға ие елдерді ядролық қарусыздандыру мақсатына қол жеткізу бағытында талпыныстарымызды еселетуіміз керек. Ядролық қоқан-лоққыларды шешу әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікке жету үшін әсерлі қоғамдық шараларды қажет етеді» деді.

 

 

Тегтер