Ресей мен Иран президенттері телефон арқылы сұхбаттасты
(last modified Thu, 25 Feb 2016 11:33:39 GMT )
Ақп 25, 2016 17:33 Asia/Almaty
  • Ресей мен Иран президенттері телефон арқылы сұхбаттасты

Иран Президенті Ресей Президентімен телефон арқылы сұхбатта Сириядағы бітімнің осы елдегі лаңкестердің күшін жинауға мүмкіндік тудырмауы керек екендігін қуаттады.

ИИР Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сұхбатында бітімнің орнатылуы, қақтығыстардың тоқтатылуы мен гуманитарлық көмектердің жіберіле бастауын Сирия халқының мүдделерін қаматамасыз ету жолындағы қадам деп атап: "Уақытша бітім орнату үдерісі лаңкестер үшін күш жинап, қаржылық және қару-жарақтық көмектер алуға мүмкіндік тудырмауы керек" деп қуаттап, лаңкестермен күресті жалғастыру қажеттігін баса айтып: "Сириядағы бітім үдерісі орталық үкіметтің қарамағындағы сириялық азаматтарға көмек жөнелту үшін пайдаланылуы тиіс. Тұтқындар мен бейкүнә адамдар тез арада босатылады. Бітімді бақылау тәсілі белгілі болды. Лаңкестердің келіп-кетуі және лаңкестік топтарға қаржылық және қару-жарақтық көмектердің жіберілуінің алдын алу үшін Сирия шекараларына ерекше назар аудару қажет" деді.

Ресей Президенті Владимир Путин да осы сұхбатта Сирияда бітім орнату үшін жасалған келіссөздердің егжей-тегжейін баяндап: "Иран мен Ресейдің қарым-қатынастары өзара сенімге негізделген. Осы аяда Мәскеу Сирия тақырыбы бойынша үйлесімділік пен тығыз әріптестікті қажет етеді" деді.

Путин сириялық босқындарға көмек жеткізуді және осы елдің жер біртұтастығын сақтап қалуды қуаттап: "ИСИМ, ән-Носрат майданы мен басқа да лаңкестік топтармен күрес міндетті түрде жалғасады" деп баса айтты.