Әзірбайжанда Конституцияға өзгертулер енгізу туралы референдум өтті
Дүйсенбі, 26-шы қыркүйек күні Әзірбайжан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы референдум өтті.
Әзірбайжанның Ортақ сайлау комиссиясы сейсенбі, 27-ші қыркүйек күні елдің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты референдумға сайлауға қатысу шарттарына ие 5 миллион 267 мың 11 адаман 3 миллион 671 мың 707 адамның қатысқанын хабарлады. Олардың 69,7 пайызы Әзірбайжан Президентінің ұсынған өзгерістеріне оң дауыс берді. Ресейдің «Спутник» ақпарат агенттігі де 27-ші қыркүйекте Әзірбайжанның Ортақ сайлау комиссиясысының Төрағасы Мазахир Панаховтың референдумның нәтижесі туралы сөздеріне сүйеніп: «Бұл референдумға қатысқандардың 91,2 пайызы президенттік кеезңді 5 жылдан 7 жылға ұзартуды қолдады» деп мәлімдеді.
Әзірбайжан халқының 88,3 пайызы өткен референдумда ұлттық Парламент депутаттарының жасына шектеу қоюды алып тастауға келісетіндіктерін жариялады. Мазахир Панаховтың айтуынша, Әзірбайжан халқының 91 пайызы президентке үміткер болатын адамның жасын төмендетуді қолдады.
Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің ұсыныс жобасы 18-ші шілде күні Конституция сотына тапсырылған болатын. Бұл жобада президентке үміткер болатын адамның жасын төмендету, президенттік кезеңді ұзарту, Вице-президент және президент орынбасарлары сынды жаңа лауазымдарды бекіту ұсынылған. Әзірбайжан республикасына Конституциясына өзгерістер енгізу жобасы бойынша сайлауға қатысу құқығына ие бұл елдің азаматтары 18 жастан бастап Парламент депутаттығына үміткері бола алады. Парламентті тарқату шаралары, халықаралық және үкіметаралық келісімдерге отыру, қала кеңестерінің жауапкершілігі Әзірбайжан Конституциясына өзгерістер енгізу жобасында қарастырылған мәселелерге жатады.
Айта кететін жайт, Бакуды басқаратын саясаткерлер 1991-ші жылы тәуелсіздік алған соң Әзірбайжан Конституциясын дайындауды бастап, 1995-ші жылы Әзірбайжан Конституциясы бекітілді. Содан соң екі рет, яғни 2002-ші және 2009-шы жылдары бұл елдің Конституциясына өзгерістер енгізу туралы референдум өтті. Негізінде осы жолғы 26-шы қыркүйекте өткен референдум Әзірбайжан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты төртінші референдум болды. Әзірбайжан Конституциясына өгерістер енгізу туралы референдумның қорытынды нәтижесі 21-ші қазанда жарияланады.
Референдумның алғашқы нәтижелері мен оған халықтың шамамен 70 пайызының қатысқанына қарамастан Әзірбайжанның «Мусават» партиясының қоғамдық бөлімі елдің әртүрлі аймақтарындағы сайлау учаскелерінің суреттерін жариялап, халықтың дауыс беруге қатыспағанын хабарлап: «Сайлау учаскелерінде абсолютті үнсіздік болғанымен, жәшіктер бюллетеньдерге толы. Бейне материалдар әрбір сайлау учаскесінде көптеген дауыс беретін қағаздары бар бірнеше адамның ғана болғаны көрсетті. 26-шы қыркүйекте референдумның өтуімен тұспа-тұс Грузияда өмір сүретін әзірбайжандықтар Тбилисиде референдумға қарсы шеруге шықты»,- деді.
Мамандар 26-шы қыркүйекте өткен референдумды Әзірбайжанның келешегі үшін маңызды санайды. Шын мәнінде референдумнан кейін үкімет, ішкі және сыртқы саясатқа, ішкі кеңселік жұмыстарға түбегейлі өзгеріс енгізіледі. Әрине Конституцияға енгізілген мұндай өзгерістер бұл елдің мұсылман халқының келешек тағдырына да өзгерістер енгізеді. Сонымен бірге биліктің президенттің монополиясына өтуімен Ильхам Әлиевтің ықтиярлары артып, оны патша немесе сұлтанмен салыстыруға болатын болады. Ильхам Әлиев өткен бірнеше жылда халықтың қарсылықтарына қарамастан, әзірбайжан мүміндерін қысымға алып, Құдсты басып алған режимнің (Израильдің) арасындағы қарым-қатынастарын кеңейтті. Мамандардың айтуынша, Ильхам Әлиев үкіметінің сионистік режиммен ынтымақтастық жасауы Әзірбайжанның мұсылман халқының рухына үлкен соққы бере алады.