Зариф Анкарада Чавушоглумен кеңесті
Қыр 29, 2016 07:43 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі мен Түркия Сыртқы істер министрі Анкарада екі жақты және аймақтық мәселелер туралы сұхбаттасты.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Анкарада Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглумен кездесіп, түрлі мәселелер туралы ақылдасты. Осы сұхбаттасудың өзекті тақырыбы Сирия дағдарысы, екі жақты байланыстар және аймақтық өзге маңызды мәселелер деп хабарланды. Бұл екі елдің Сыртқы істер министрлерінің соңғы екі айдағы үшінші кездесуі болып табылады.
Тегтер