Иранның беделді тұлғалары ел халқын ертеңгі сайлауларға ауқымды түрде қатысуға шақырды
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы Иран халқының түрлі таптарын Ислам кеңесі мәжілісі мен Эксперттер мәжілісінің сайлауларына қатысуға шақырды.
ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Хашеми Рафсанджани сәрсенбі күні кешке өз жолдауында халықты сайлауға ауқымды түрде қатысуға шақырып: "Сайлауларға ауқымды түрде қатысу бұрынғы кездегідей дұшпандардың ИИР жүйесіне қарсы қастықтарын бейтараптандырады" деді.
Сонымен қатар, Насер Макарем Ширази, Хосейн Нури Хамедани, Джафар Собхани, Абдолла Джавади Амели мен Мұхаммед Әли Алави Горгани сынды беделді діни тұлғалар жеке-дара мәлімдемелері мен сөздерінде Иран халқынан сайлауларға ауқымды түрде қатысып, өздерін келесі бір ерлікті жасауға дайындауды сұрады.
Осындай жағдайда, Иранның Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Хосейнәли Амири Иран телерадио ұйымына берген арнайы сұхбатында: "Заңға сәйкес Ислам кеңесі мәжілісі мен Эксперттер мәжілісі сайлауларының үміткерлері бүгін, бейсенбі күні таңғы сағат 8:00-де үгіт-насихат жұмыстарын аяқтады" деді.
Ислам кеңесі мәжілісі сайлауының бесінші шақырылымы мен Эксперттер мәжілісі сайлауының оныншы шақырылымы 26 ақпан, жұма күні өткізіледі.