Салехи: «Ортақ қадам» келісімі қарсы тараптың өз міндеттемелерін орындауымен тұрақталады
Иран Атом Қуаты Ұйымының төрағасы «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының қарсы тараптың өз міндеттемелерін орындауымен тұрақталатынын мәлімдеді.
Иран Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехи сәрсенбі күні Австрия астанасы Вена қаласында саясаткерлер, студенттер және дипломатиялық академия мамандары алдында сөйлеген сөзінде: «Ортақ қадам» келісімі қарсы тарап жағынан кедергілерге тап болып отыр. Иран ислам республикасы осы кедергілердің шешілуіне үміт артып отыр» деді.
Салехи сөзінің келесі бір бөлімінде Иранның қазіргі заман тарихына, әсіресе ислам революциясының жеңісінен кейінгі кезеңге сілтеме жасап: «Иран өз саясатымен аймақ пен әлемде алпауыт елге айналып, халықаралық айдында жаңа алпауыттармен саяси келіссөздер өткізіп, өзінің құқығын тұрақтандыра алатын болды» деді.
Президенттің орынбасары әрі Иранның Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехи Атом Қуаты Ұйымының жыл сайын өтетін 60- шы отырысына қатысу үшін Австрия астанасы Венаға сапармен келді.
Салехи дүйсенбі күні басталған осы бес күндік отырыс аясында АҚШ- тың Энергетика министрімен, «Росатом» компаниясының төрағасымен, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры және Ұлыбритания, Франция мен Қытайдың Атом Қуаты Ұйымының төрағаларымен, сонымен қатар Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіндегі Еуропалық Одақтың өкілімен кездесіп, әңгімелесті.