Путин: АҚШ Сирияға қатысты уәделерін орындауы керек
(last modified Fri, 30 Sep 2016 10:15:46 GMT )
Қыр 30, 2016 16:15 Asia/Almaty
  • Путин: АҚШ Сирияға қатысты уәделерін орындауы керек

Ресей Президенті телефон арқылы Германия Канцлері Ангела Меркельмен сөйлесіп: «АҚШ наразы топтарды Сирияға қарсы лаңкестерден ажырату туралы уәдесін орындауы керек»,- деді.

Кремльдің баспасөз қызметі бейсенбі күні: «Ресей Президенті Владимир Путин мен Германия Канцлері Ангела Меркель телефон арқылы сөйлесіп, Ресей мен АҚШ-тың 9-шы қыркүйектегі Женевадағы келісімі бойынша Сирияда атысты тоқтату үдерісін жалғастыру үшін әлемдік қоғамның талпыныстарын біріктіру қажеттілігін қуаттады. Ресей Президенті телефон сұхбатта АҚШ-тың Сирияның наразы топтарын лаңкестік топтардан ажырату туралы уәдесін орындаудың маңыздылығына тоқталды. Ресей Сирияда бейбітшілік пен тыныштық орнатылып, бұл елдің халқының тұрмысы жақсарғанша талпыныстарын жалғастырады»,- деді.

Ресей өткен айларда сан рет АҚШ-тың сириялық наразылар мен осы елге қарсы лаңкестік топтарды анықтап, ажырату ісін кейінге қалдырып келе жатқанын сынаған болатын. АҚШ Женева келісімі бойынша Ресеймен бірге Вашингтон қолдайтын наразы қарулы топтарды ан-Носрат сынды лаңкестік топтардан бөліп, лаңкестік топтарға қарсы бірге күресіп, Алеппо тұрғындарына гуманитарлық көмек жеткізуде ынтымақтастық жасап, Сирия дағдарысын саяси жолдармен шешу үшін келіссөздер жүргізуге міндеттеме алған болатын, бірақ осы кезге дейін міндеттемелерін орындаған жоқ.