Ресей Мәскеу мен Теһранның сантиарлық-гигиена саласындағы ынтымақтастықтарының нығаюын қуаттады
Ресейдің Денсаулық министрі Ресей мен Иранның сантиарлық-гигиена саласындағы ынтымақтастықтарының нығаюын қуаттады.
Ресейдің Денсаулық министрі Вероника Скворцова Иранның Денсаулық министрі Сейед Хасан Қазизаде Хашемимен кездесуінде: «Өткен екі жылда екі елдің сантиарлық-гигиена саласындағы ынтымақтастықтары нығайды. Бұл ынтымақтастықтар тек қағаз бетінде ғана емес, іс жүзінде орын алып, ортақ жобалар пайда болды. Бұл мерзімде екі елдің сантиарлық гигиена саласындағы жұмыс топтары Мәскеу мен Теһранда үш отырыс өткізіп, келісімдерге қол қойылды»,- деді. Ол Иран Денсаулық министрімен өткізген отырыстар ме жоспарланған жобаларды пайдалы әрі екі елдің ынтымақтастықтарын арттыруға жағдай тудыратындығына үміт білдірді.
Бейсенбі күні Мәскеуде Иран мен Ресейдің Денсаулық министрлерінің отырысынан бұрын Сейед Хасан Қазизаде Хашеми мен Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрі орынбасарының қатысуымен екі ел арасындағы санитарлық-гигиена саласындағы ынтымақтастықтарын нығайту бойынша 11 құжатқа қол қойылды.