Зарифтің Могериниге жазған хаты туралы жарияланған ақпараттарға реакция білдірілді
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Иран Сыртқы істер министрінің Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысына жазған хаты туралы жарияланған ақпараттарға реакция білдіріп, бұл тақырыпты табиғи іс деп атады.
ИИР СІМ-нің Дипломатия және баспасөз департаментінің хабарлауы бойынша, ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми жұма күні Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерико Могериниге хат жолдағанын растап: «Тараптар арасындағы осындай хат алмасулар тосын әрекет емес. Осыдан бұрын да тараптар арасында мұндай хат алмасулар болған. Мұндай хат алмасулар өзара мәселелерді талдап, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қадағалау қажеттігіне байланысты әдеттен тыс емес, кәдімгі іс саналады.
Тараптар арасында осындай жұмыс аясында әрдайым хат жіберіліп, ортақ тақырыптар талқыланып, пікір алмасылады»,-деп қуаттады.