АҚШ – ДАИШ-тың пайда болуының факторы
(last modified Sat, 01 Oct 2016 09:30:36 GMT )
Қаз 01, 2016 15:30 Asia/Almaty
  • АҚШ – ДАИШ-тың пайда болуының факторы

Палестина интифазасын қолдау халықаралық конференциясының бас хатшысы аймақтағы қиындықтар мен ДАИШ лаңкестік тобының пайда болуының басты себебін АҚШ-тың аймаққа әскери араласуы деп атады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Палестина интифазасын қолдау халықаралық конференциясының бас хатшысы Хосейн Амир Абдуллахиан Палестинаның жаңа интифазасының үшінші жылдығын атап өту рәсімінде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің сөздеріне реакция білдіріп: «Сауд Арабиясының Йеменге қарсы әскери шабуылының тасасында АҚШ пен сионистік режим тұр. Сауд режимі Вашингтонның барлау және тасымал саласындағы қолдауынсыз ешқашан  Йеменге әскери шабуыл жасай алмас еді. Ал енді өзі Йемен халқының табанды қарсылығына ұшырап отыр»,-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі АҚШ-тың ішкі іске араласушылық саясатының жалғасуының Сирия мен Йемен дағдарыстарының саяси жолмен шешілуіне кедергі болатындығына тоқталып: «Теһран Палестина қарсыласуын қолдау, лаңкестікпен шынайы түрде күресу және аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылық орнатуға көмектесуде әрдайым ең сындарлы саясатты ұстанып келеді»,-деді.

Амир Абдуллахиан Иранның Ливан Хезболласын қолдайтынын тағы да қуаттап: «Хезболла сионизм және терроризммен күрес майданында барлық күш-қуатымен әрекет етуде, сондықтан аймақ пен әлемде қауіпсіздік орнатуға көмектесуде зор үлеске ие»,-деп баса айтты.