Иран, Қытай және Ресей Үндістан мен Пәкістанға өтініш білдірді
Иран, Қытай және Ресей Үндістан мен Пәкістаннан өзара мәселелері мен қиыншылықтарын келіссөз жүргізу арқылы шешуді сұрады.
Урду телерадио каналының хабарлауынша, Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми: "Үндістан мен Пәкістан қауіпсіздік пен бейбітшіліктің жойылуына себеп болатын шаралардан бой тартуы керек, өйткені Пәкістан мен Үндістан арасындағы текетірес лаңкестердің пайдасына шешіледі. Мұның өзі аймақ үшін зиян" деді.
Қытай СІМ де Үндістан мен Пәкістаннан Кашмир мәселесі мен өзара келіспеушіліктерін келіссөз арқылы шешуді сұраді.
Ресей СІМ Үндістан мен Пәкістан шекарасындағы қақтығысқа алаңдаушылық білдіріп: "Үндістан мен Пәкістан өзара келіспеушіліктерін келіссөз арқылы шешуі керек. Ресей Пәкістаннан лаңкестікке қарсы әсерлі шаралар атқаруды күтеді" деді.