Баку Ресейдің Арменияға қару тапсыруына наразылық танытты
Ақп 25, 2016 21:38 Asia/Almaty
Әзірбайжан республикасы үкімет басшысының орынбасары Әли Ахмедов Ресейдің Арменияға 200 млн долларға қару сату келісімшартына көрсеткен реакциясында: "Ресей Арменияға шектен тыс арзан бағамен соғыс қаруларын сататын болды. Оның негізгі себебі Кавказ аймағында бейберекеттік қалыптастыру болып саналады" деді.
Әли Ахмедов сондай- ақ Арменияның осы қаруларды алудың нәтижесінде аймақтағы әскери құзырының күшейетіндігіне сілтеме жасап: "Егер Ресей тарапынан Арменияға осы жабдықтарды сату жалғасатын болса, Кавказ аймағындағы мазасыз жағдайды қалпына келтіру көбірек күш салуды қажет ететін болады" деді.
Тегтер