Қаз 02, 2016 09:14 Asia/Almaty
  • Рухани Қытай республикасын негізі қалануының жылдығымен құттықтады

ИИР президенті Қытай халық республикасының негізі қалануының 67- ші жылдығымен осы елдің үкіметі мен халқын құттықтады.

Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани сенбі күні Қытай президенті Си Цзиньпинге жолдауында екі елдің жақсы мүмкіндіктері негізінде Иран мен Қытай байланыстарының екі жақты қызықтыратын барлық негіздерде бұрынғыдан көбірек кеңеюіне үміт білдірді.

Сондай- ақ ИИР президентінің бірінші орынбасары Исхақ Жаһангири Қытай халық республикасының негізі қалануының 67- ші жылдығымен осы елдің үкіметі мен халқын құттықтады.

Жаһангири Қытайдың үкімет басшысы Ли Кэцянға жолдауында екі ел басшыларының талпынысымен екі жақты қызықтыратын барлық салаларда өзара байланыстың күн санап кеңеюіне үміт білдірді.

1949 жылы Қытай жетекшісі Мао Цзедун осы елде Қытай республикасының құрылғанын жариялады.

 

Тегтер