Иран мен Бельгияның парламентаралық қарым-қатынастары артады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы мен Бельгия Парламентінің Сыртқы қарым-қатынастар комитетінің басшысы ынтымақтастықтарды кеңейтуді қолдады.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәлеметі бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні Бельгия Парламентінің Сыртқы қарым-қатынастар комитетінің басшысымен кездесуінде: «Иран Ислам Кеңесінің Мәжілісі екі жақтың әртүрлі, әсіресе экономикалық және сауда салаларындағы қарым-қатынастарының кеңеюін қолдайды»,- деді.
Лариджани Батыстың адам құқығы мәселесіне қатысты екіжүзді ұстанымын сынап: «Батыс мемлекеттері сионистік режимнің Палестина халқына қарсы 70 жылдық қылмыстары мен Сауд режимінің Йемен халқын қырып-жоюына көңіл аудармай, кейбір Иран сынды елдерді әртүрлі негізсіз сылтаулармен адам құқығын бұзады деп айыптайды. Мұны қабылдауға болмайды»,- деп қуаттады.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы аймақтағы кейбір елдердің жағдайына алаңдаушылық білдіріп: «Өкінішке орай, АҚШ пен оның аймақтағы одақтастары лаңкестікті құрал ретінде пайдаланып, бұл қатерді жою үшін тиісті шара қолданбайды»,- деп мәлімдеді.
Бельгия Парламентінің Сыртқы қарым-қатынастар комитетінің басшысы да бұл кездесуде: «Бельгия Палестина, Сирия, Йемен мен аймақтағы басқа да елдердің халықтарының қырылуына қарсы. Иран сынды мәселені саяси жолдар және келіссөздер арқылы шешуді қуаттайды»,- деді.