РФ Президенті Қазақстанға келді
(last modified Tue, 04 Oct 2016 09:04:47 GMT )
Қаз 04, 2016 15:04 Asia/Almaty
  • РФ Президенті Қазақстанға келді

РФ Президенті Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының он үшінші отырысына қатысу үшін Астанаға келді

«Интерфакс» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Владимир Путин  бүгін, сейсенбі күні Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының он үшінші отырысына қатысу үшін Астанаға келді.

Владимир Путин  Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының он үшінші отырысы алдында   Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, сұхбаттасады.

Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының он үшінші отырысы дүйсенбі, 3 қазанда  екі елдің ірі компанияларының өкілдері, соның ішінде «Forbs» және «Глобал 2000»  компанияларының қатысуымен Астананың «Тәуелсіздік» сарайында басталды.

Осы форумның соңында тамақ, химия, металлургия, инновация, инженерия, фармацевтика мен құрылыс саласындағы 30 маңызды экономикалық келісімге қол қойылады деп жоспарлануда.