Ресей мен Қазақстан арасында құны 27 млрд долларлық келісімшартқа қол қойылды
(last modified Tue, 04 Oct 2016 15:53:37 GMT )
Қаз 04, 2016 21:53 Asia/Almaty
  • Ресей мен Қазақстан арасында құны 27 млрд долларлық келісімшартқа қол қойылды

Ресей мен Қазақстан құны 27 млрд доллар тұратын келісімшартқа қол қойды.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық және ресейлік алып компаниялардың өкілдерінің қатысуымен өткен аймақаралық ынтымақтастықтардың 13- ші саммиті шеңберінде құны 27 млрд доллар тұратын 40 ортақ келісімшартқа қол қойды.

Назарбаев осы рәсімде сөйлеген сөзінде: "Үстіміздегі жылы осымен сегізінші рет Ресей президентімен кездесіп, әңгімелесіп отырмын, бірақ осы кездесу зор маңызға ие" деді.

Ол сөзінің жалғасында Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастықтарының 13- ші саммитіне екі елден 900 кәсіпкердің қатысқанын айтып: "Осы отырыста Мәскеу мен Астана құны 27 млрд доллар тұратын 40 ортақ келісімшартқа қол қойды. Ресейлік кәсіпкерлермен қоса Ресейдің облыс әкімдері де осы отырысқа қатысты. Осының өзі екі елдің барлық негіздердегі жақын ұстанымдарын көрсетеді" деді.

Қазақстан республикасының Елбасы соңында Ресей президентінің Астанаға келгеніне алғыс айтып: "Бұл Мәскеу мен Астана арасындағы сенім мен екі елдің жақсы байланыстарын көрсетеді" деді.