Лариджани мен Зариф Германия Канцлерінің орынбасарымен кездеспейтін болды
(last modified Wed, 05 Oct 2016 09:10:53 GMT )
Қаз 05, 2016 15:10 Asia/Almaty
  • Лариджани мен Зариф Германия Канцлерінің орынбасарымен кездеспейтін болды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы мен Иран Сыртқы істер министрінің Германия Канцлерінің орынбасары кездеспейтін болды.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі Төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Хосейн Амир Абдоллаһиан Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджанидің Германия Канцлерінің орынбасары әрі Германияның Экономика министрі Зигмар Габриэльмен жопарлаған кездесуінің орын алмайтындығы туралы хабарлап: «Негізгі ұстанымды қорғау – маңызды мәселе. Иранның саяси тәуелсіздігі мен негізгі ұстанымын қорғау Теһран үшін маңызды мәселе»,- деп қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Зариф Германия Канцлерінің орынбасарының соңғы уәждерінен кейін онымен кездеспейтін болды.

Германия Канцлерінің орынбасары әрі Германияның Экономика министрі Зигмар Габриэль өткен аптада Теһран сапарынан бұрын «Шпигель» журналына берген сұхбатында: «Германия Иран үкіметі сионистік режимді заңды деп таныған жағдайда ғана бұл елмен достық қарым-қатынас орнатады»,- деген болатын. Зигмар Габриэль сонымен бірге негізсіз уәждерінде Ирандағы адам құқығының бұзылуы мен Теһранның Сирия дағдарысындағы рөліне алаңдаушылық білдірді.