«Росатом» корпорациясының төрағасы басқа қызметке ауыстырылды
(last modified Wed, 05 Oct 2016 15:13:11 GMT )
Қаз 05, 2016 21:13 Asia/Almaty
  • «Росатом» корпорациясының төрағасы басқа қызметке ауыстырылды

Ресей президенті «Росатом» корпорациясының төрағасы басқа қызметке ауыстырылды

Ресей президенті Владимир Путиннің шешімі бойынша әлемдегі ядро істері, әсіресе станса саласындағы 5 үздік компанияның бірі «Росатом» корпорациясының төрағасы Сергей Кириенконы басқа қызметке ауыстырды.

Ресей президентінің жарлығымен Сергей Кириенконың «Росатом» корпорациясындағы 11 жылдық жауапкершілігі аяқталып, ол осы елдің Кремль сарайындағы президент бюросының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

1998 жылы шамамен төрт ай Ресей үкіметінің басшысы болған Сергей Кириенко Кремль сарайы басқармасында Вячеслав Володиннің ісін жалғастырды.

Путин тарапынан Думаның жаңа шақырылымының төрағасы ретінде ұсынылған Володин көпшілікті құрап отырған «Біріккен Ресей» билік партиясы тарапынан расталды.