Иран мен Вьетнам өзара сауда-саттық көлемін бес есеге арттыруға келісті
Иран мен Вьетнам президенттері екі елдің арасындағы сауда- саттық көлемінің құнын бес есеге арттырып, 2 млрд доллардан асыруға келісті.
Иран президенті Хасан Рухани бейсенбі күні Ханойда Иран мен Вьетнам арасындағы екі ынтымақтастық келісімшартына қол қою рәсімінен кейін өзінің вьетнамдық әріптесімен өткізген ортақ ақпарат отырысына қатысып: «Иран халқы вьетнамдықтарды шетелдіктердің шапқыншылығығына қарсы төзімділік көрсеткен қайсар, тәуелсіз, еңбекқор, дамушы және бейбітшілік сүйгіш халық ретінде таниды» деді.
Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының мәлімдеуінше, Рухани: «Екі тарап экономикалық және сауда байланыстары, әсіресе Иран мен Вьетнамда инвестиция салу үшін мол мүмкіндікке ие. Екі елдің экономикасы бірін- бірі толықтырушы бола алады деп санайды» деді.
Рухани сондай- ақ Иран мен Вьетнамның кейбір халықаралық маңызды мәселелерде көзқарастарының бірдей екендігіне сілтеме жасап: «Иран мен Вьетнам Шығыс Азия мен Таяу Шығыста бейбітшілік пен тұрақтылықты күшейтуді қалайды. Сонымен қоса соғыс, қатыгездік және лаңкестікке қарсылық танытып, келіссөзді келіспеушіліктерді шешудің ең абзал жолы санап, халықаралық ұйымдарда бір- бірінің тұрғыларын қолдауын жалғастырады» деді.
Вьетнам президенті Чан Дай Куанг да Иран мен Вьетнамның саяси, экономикалық және мәдени көптеген мәселелердегі келісіміне тоқталып: «Вьетнам Иран ислам республикасы президентінің қатыгездік пен әсірешілдіктен ада әлем негізіндегі идеясын қолдайды» деді.