Рухани: Иран мен Вьетнам ынтымақтастық жасау үшін көптеген мүмкіндіктерге ие
(last modified Thu, 06 Oct 2016 14:53:50 GMT )
Қаз 06, 2016 20:53 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран мен Вьетнам ынтымақтастық жасау үшін көптеген мүмкіндіктерге ие

ИИР президенті Иран мен Вьетнамның ынтымақтастық жасау үшін көптеген мүмкіндіктерге ие екендіктерін айтып, соларды екі ел халқының мүддесі үшін пайдалану керектігін қуаттады.

Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани бейсенбі күні Ханойда Вьетнамның үкімет басшысымен кездесуде: "Шығыс Азия елдерімен, соның ішінде Вьетнаммен байланысты күшейту әрдайым Иран үшін маңызға ие болған. Вьетнам Шығыс Азия аймағында Иранның экономикалық белсенділіктерін кеңейту үшін орталық болып табылады. «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы күшіне еніп, санкциялар алынған соң Иран мен Вьетнамның экономикалық байланыстарын кеңейту үшін жақсы негіз пайда болды. Ол үшін банктік ынтымақтастықтарды күшейту қажет" деді.

Вьетнамның үкімет басшысы Нгуен Суан Фук та осы кездесуде елінің Иранмен байланысын күшейту үдерісіне ден қойып отырғанын баса айтып: "Ханой толық ынтымақтастық үшін Теһранмен бірге екі ел арасындағы сауда- саттық көлемінің құнын 2 млрд доллардан асыру үшін көбірек талпыныс жасайтын болады" деді.