Джаһангири Ресей Премьер-министрін құттықтады
Қаз 07, 2016 16:35 Asia/Almaty
ИИР Вице-президенті Ресей Премьер-министрі Дмитрий Медведевті осы елдегі парламенттік сайлаудың сәтті өтуімен құттықтады.
ИИР Вице-президенті Исхақ Джаһангири Ресей Премьер-министріне жолдауында: «Ресейде парламенттік сайлауды сәтті өткізу халықтың үкімет саясаттарының жалғасуына ынталы екенін көрсетеді.
Иран мен Ресейдің қарым-қатынасын әртүрлі салаларда, әсіресе парламенттік салада дамыту Иран халқының тілегі болып табылады»,-деп жазылған.
ИИР Вице-президенті жолдауында Ресей үкіметі мен халқына өркендеу мен мерейлерінің үстем болуын тіледі.
Биліктегі «Единая Россия» партиясы 18 қыркүйекте Думаға сайлауда 54 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.
Тегтер