Иранның футбол командасы әлем чемпионатының іріктеу ойындарында табысқа жетті
https://itolqyn.com/news/world-i15748-Иранның_футбол_командасы_әлем_чемпионатының_іріктеу_ойындарында_табысқа_жетті
Иранның футболдан ұлттық командасы 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына іріктеу ойындарында Өзбекстанның футболдан ұлттық командасын 1:0 есебімен ұтып, «А» тобында бірінші орынға көтерілді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 07, 2016 17:06 Asia/Almaty
  • Иранның футбол командасы әлем чемпионатының іріктеу ойындарында табысқа жетті

Иранның футболдан ұлттық командасы 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына іріктеу ойындарында Өзбекстанның футболдан ұлттық командасын 1:0 есебімен ұтып, «А» тобында бірінші орынға көтерілді.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның футболдан ұлттық командасы бейсенбі күні Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласындағы «Бониадкар» спорт кешенінде осы елдің ұлттық командасын 1:0 есебімен жеңіп, 7 ұпаймен «А» тобының көшін бастады.

Осы ойындар аясында Оңтүстік Кореяның футболдан ұлттық командасы 3:2 есебімен Катар командасынан басым түсіп, «А» тобының екінші командасы атанды. Ал Өзбекстан ұлттық командасы 6 ұпай жинап, осы топта үшінші орынға ие болды.