Ресей мен Қазақстан халықаралық қауымдастықты терроризммен бірлесіп күресуге шақырды
Ресей мен Қазақстан басшылары терроризм және экстремизмнің барлық түрімен жан-жақты күресу қажеттігін қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудегі «Терроризмге қарсы дін» атты халықаралық конференцияға жолдау жіберіп, терроризм және экстремизмнің әлемнің түкпір-түкпіріне таралғанына және кейбір елдердің бұл құбылысқа назар аудармайтындығын ескертті.
Назарбаев терроризм мәселесін жекелей шешудің жолы жоқтығын айтып, барлық елдер мен мамандардың әріптестігінің арқасында лаңкестер және экстремистермен әсерлі түрде күресу үшін тиімді аяның қалыптасатындығына үміт білдірді.
РФ Президенті Владимир Путин де осы конференцияға жолдау жолдап, Мәскеудің әлемнің барлық елдерімен терроризммен күрес саласында әріптестік жасауға дайын екенін қуаттап: «Әлемнің барлық діндері жоғары гуманитарлық құндылықтарға негізделген. Діни басшылар да адамдарды мейірімділікке және жоғары құндылықтарды ұстануға шақырады. Сол себепті терроризм және экстремизммен күресуге талпыныс жасаудың пайдалы да маңызды әсерлері бар»,-деді.
«Терроризмге қарсы дін» атты біркүндік халықаралық конференция Мәскеудің «Халықтар достығы» университеті мен Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ұйымдастыруымен өткізілді.