Ресей парламенті ресейлік күштердің Сирия жерінде тұрақты түрде орналастыруға келісім берді
Қаз 08, 2016 17:42 Asia/Almaty
Ресей парламенті осы елдің әуе күштерін шектеусіз мерзімде Сирия жерінде орналастыруға келісім берді.
"Спутник" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей парламентінің төменгі палатасы жұма күні осыдан бұрын Мәскеу мен Дамаск арасында жасалған келісімді бекітті.
Бұл келісім бойынша, Ресей әуе күштерінің бір тобы шектеусіз мерзімге Хмеймим әуе базасында орналасатын болады.
2015 жылдың 26 тамыз күні Дамаскте жасалған бұл келісім Ресей Думасына бекітілу үшін жіберілген болатын. Осы келісімді бекіту үшін ресейлік 446 депутат оң дауыс берді.
Ресейдің әуе күштерінің бұл тобы Дамаск үкіметінің өтінішімен Сирия жерінде орналасатын болады.
Тегтер