Иран президенті мен Малайзия премьер-министрі ақпарат отырысын өткізді
ИИР президенті мен Малайзияның премьер-министрі екі елдің өзара қарым-қатынастар деңгейін санкцияларға дейінгі дәрежеге жеткізу және қысқа мерзім ішінде тауар айналымы көлемін екі есе арттыруға қатысты екі елдің ерік-жігерін мәлімдеді.
ИИР президенті Хасан Рухани жұма күні кешке Куала-Лумпурда Малайзияның премьер-министрі Мұхаммад Наджиб Разақпен өткізген ортақ ақпарат отырысында: "Екі ел 2016-шы жылды екі елдің экономикалық, саяси, ғылыми және мәдени салалардағы қарым-қатынастарының деңгейін көтеру жолында әрекет ету жылына айналдыруды ұйғарды" деп баса айтты.
Иран президенті Ислам әлемі мен аймақ мәселелерін талқылауды Малайзия премьер-министрімен пікір алмасу тақырыптарының бірі деп атап: "Екі ел дұшпандардың Ислам әлеміне таңған алауыздықтар мен лаңкестік мәселесіне байланысты алаңдаушылық танытып отыр. Сондай-ақ, елдердің лаңкестікпен күресу үшін қолдағы барлық құралдарды пайдалануы керектігін қуаттайды" деді.
Малайзия премьер-министрі Мұхаммад Наджиб Разақ та ақпарат отырысында екі елдің экономикалық, сауда және саяси қатынастарын кеңейту жолдарын сындарлы әрі пайдалы деп атап: "Осы аяда Малайзия мен Иранның орталық банктері тез арада түрлі бөлімдерде жаңа механизмдер құруы керек" деді.