Сайлауға қатысты сауалнамаларда Хиллари Клинтон көшбасшы болып отыр
Қаз 09, 2016 08:35 Asia/Almaty
Жұма күні нәтижелері жарияланған «Reuters» ақпарат агенттігі мен «Asus» кеңсесі жүргізген жаңа сауалнамалардың қорытындысы бойынша Америкадағы алдағы президенттік сайлаудағы демократиялық партияның үміткері Хиллари Клинтон өзінің республикалық партиядағы бақталасы Дональд Трамптан 5 пайыз артық дауысқа ие болды.
Осы сауалнама бойынша 2016 жылы 8- ші қарашада өтетін Америкадағы алдағы президенттік сайлауда Хиллари Клинтон 43 пайыз, оның республикалық партиядағы бәсекелесі Дональд Трамп 38 пайыз дауысқа қол жеткізетін болады. Сауалнама 30 қыркүйек пен 6 қазан аралығында жүргізілді.
Тегтер