Ресейдің қауіпсіздік және сот саласындағы 12 жоғары лауазымды қайраткері қызметтерінен босатылды
(last modified Sun, 09 Oct 2016 09:07:55 GMT )
Қаз 09, 2016 15:07 Asia/Almaty
  • Ресейдің қауіпсіздік және сот саласындағы 12 жоғары лауазымды қайраткері қызметтерінен босатылды

Ресей Президенті осы елдің қауіпсіздік және сот бөлімдеріндегі 12 жоғары лауазымды қайраткерді қызметтерінен босатты.

«Жас тілшілер» клубының сенбі күнгі хабарлауынша, Ресей Ішкі істер министрлігінің инспекция бөлімінің басшысы Николай Косяченко осы 12 адамдық тізімге ілінген жоғары лауазымды қайраткерлердің бірі болып табылады. 

Ресейдің ІІМ-не қарасты арнайы мақсаттағы бөлімшелер және жедел әрекет ету күштерін тағайындау орталығының басшысы Дмитрий Дейниченко, Тергеу комитетінің ақпарат хатшысы Владимир Маркин мен Төтенше жағдай министрінің орынбасары Сергей Воронов Ресей Президентінің бұйрығына есімдері іліккен қайраткерлердің қатарын құрады. 

Бұл әрекеттің себебі әлі жарияланған жоқ.

Ресей өткен бірнеше айда елдің қауіпсіздік және бақылау құрылымдарын жақсарту, сонымен қатар бақылау жұмыстарын реттеу мақсатында осы елдің түрлі қауіпсіздік құрылымдарын біріктіру бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. 

16 қыркүйек күні Ресейдің ІІМ-не қарасты жемқорлықпен күрес комитетінің төрағасы америкалық банктерде оралған 220 миллион доллар ақша  табылғаннан кейін құрықталды.