Хиллари Клинтон Дональд Трамптан алға шықты
(last modified Tue, 11 Oct 2016 09:50:32 GMT )
Қаз 11, 2016 15:50 Asia/Almaty
  • Хиллари Клинтон Дональд Трамптан алға шықты

Жаңа сауалнама қорытындылары Америка президенттік сайлауындағы демократиялық партияның үміткерінің өзінің республикалық партиядағы бақталасынан 11 пайыз озғанын көрсетті.

«Франц Пресс» ақпарат агенттігінің Вашингтоннан хабарлауынша, «NBC» арнасы мен  «The Wall Street Journal» газетінің дүйсенбі күні жарияланған ортақ сауалнамасы демократиялық партияның үміткері Хиллари Клинтонның ықтималды дауыс берушілердің 46 пайызының қолдауына ие болғанын, ал республикалық партияның үміткері Дональд Трамптың 35 пайыз қолдау тапқанын көрсетті.

Осы сауалнама өткен сенбі және жексенбі күндері Дональд Трамптың әйелдер туралы 2005 жылы айтқан кемсітуші мәлімдемелеріне қатысты бейнематериал жарияланған соң жүргізілді.

Сауалнама Дональд Трамп пен Хиллари Клинтонның арасында жексенбі күні кешке өткен теледидардағы пікірталастан бұрын жүргізілді.